
Іс-шара
10 маусым
Мереке қарсаңында салтанатты концерт өтті
Мәдениет үйінің сахнасында ансамбльдер мен жеке орындаушылардың қатысуымен концерт ұйымдастырылды.
Мереке қарсаңында «Кең Жылыой» мәдениет үйінің сахнасында салтанатты концерт өтті. Іс-шараға ансамбльдер, үйірме тәрбиеленушілері және жеке орындаушылар қатысты.
Концерт бағдарламасында халық әндері мен күйлері, сондай-ақ заманауи орындаудағы шығармалар қамтылды. Іс-шараға аудан тұрғындары үлкен қызығушылық танытты.
